Қателерді талдау және практикалық сабақтар: гарнизонда Жедел шеберлік мектебі өтті"

Қателерді талдау және практикалық сабақтар: гарнизонда Жедел шеберлік мектебі өтті"

Елордалық гарнизонда қарауыл бастықтарымен және өрт сөндіру бөлімдерінің аға инженерлерімен "Жедел шеберлікті арттыру мектебі" аясында сабақ өткізілді

Іскерлік ойын форматында шешуші бағытты таңдау кезінде өртті сөндірудің бірінші басшыларының іс-әрекеттері қаралды, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын бұзған бейнематериалдар көрсетілді.

Сабақ қорытындысы бойынша өртті сөндіруді дұрыс ұйымдастырмауға және жарақаттануға әкеп соқтырған тән қателіктер талданды, оларды одан әрі болдырмау жөніндегі шаралар айқындалды.

Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіби дағдыларды жетілдіруге және жеке құрамның шеберлігін арттыруға ықпал етеді.