30 ізгі іс: құтқарушылар сүйікті қаламызды қоқыстан тазартты

30 ізгі іс: құтқарушылар сүйікті қаламызды қоқыстан тазартты

ТЖМ-нің 30 жылдығына орай елордалық құтқарушылар Астанадағы Көктал саябағында кең көлемді сенбілік өткізді. Серуен жолдары мен қарттар пансионатының маңы тазартылды. Тұрмыстық қалдықтар, сынған бұтақтар мен түскен жапырақтар жиналды. Саябақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін әлдеқайда таза, жайлы әрі қолайлы демалыс орнына айналды.

 Мұндай шаралар – ТЖМ-нің мерейтой жылындағы игі дәстүрдің жалғасы әрі құтқарушылардың адамдарға тек төтенше жағдайларда ғана емес, күнделікті өмірде де көмектесуге дайын екендігінің айғағы.