Адамдардың суға кету жағдайларына жедел әрекет ету және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тиімді іс-қимыл жасау мақсатында Астана қаласы ТЖД-нің су айдындарында патрульдеуге шыққан жеке құрамымен судағы адамдарды құтқару және алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Сабақтар Оперативті құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарының қатысуымен өтті. Сабақ барысында суға батып жатқан адамдарды құтқару тәсілдері, зардап шеккендерге қауіпсіз түрде жақындау мен тасымалдау ережелері, сондай-ақ алғашқы көмекті көрсету алгоритмі көрсетілді.
Патрульдеуге шыққан қызметкерлер құтқару жабдықтарын пайдалана отырып, зардап шеккендерді құтқару тәсілдерін және медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмекті көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.