Елордада су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді

Елордада су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елорданың су айдындарында жедел ден қою мақсатында құтқарушылар Есіл өзенінің арнасы бойынша патрульдеуді жалғастыруда.

Қала аумағында шомылуға рұқсат етілген 5 учаске анықталды және 21 жерде шомылуға тыйым салынды.

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару операциялары үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған заманауи жоғары маневрлі Marlin және T-Rex қайықтарында тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды, 3 құтқару бекеті мен 16 патрульдік топ жұмылдырылды.

Барлығы 80 қызметкер, 9 жүзу құралы және 5 бірлік техника тартылды. Қауіпсіздік шаралары аясында 250-ден астам ескерту белгілері орнатылып, халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.