Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр

Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр

БалалардыңтерезеденқұлаужағдайларыныңжиілеуінебайланыстыАстана қаласы ТЖДқызметкерлері,ювеналдыполицияаудандықәкімдіктержәне"Астанажастары"ЖРОөкілдеріменбірлесіпкөпқабаттытұрғынүйлердепрофилактикалықрейдтік іс-шаралар өткізді.Аралаубарысындаыстықмезгілде мамандартұрғындарментүсіндіружұмыстарын жүргізіп, пәтерлерде,терезелерменбалконесіктеріжиіашық тұрған кезде қауіпсіздікшараларынсақтаудыңмаңыздылығынеске салды.

Ата аналар мен заңды өкілдерге жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді:

 - терезе блокаторлары мен қорғаныс торларын орнату;

- балалар кіре алатын терезелердің жанында жиһазды орналастыруға жол бермеу;

- терезені толығымен ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерді пайдалану.

Рейд аясында 5 пәтерде кішкентай балалары бар отбасылар тұратын терезелерге қорғаныс шектеулері орнатылды.

Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.