Астанa қаласы ТЖД-де архив ісі бойынша семинар өтті

Астанa қаласы ТЖД-де архив ісі бойынша семинар өтті

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Құжаттарды өңдеу және Департаменттің архивтік істерін сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Оқыту жұмысын Астана қалалық мемлекеттік архивінің маманы жүргізді.

Семинар барысында қатысушыларға ведомстволық және жекеменшік архивтерде Ұлттық архив қорының және басқа да архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының негізгі ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ, Департаменттегі архив ісін ұйымдастыру және жүргізуге қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.