Астанада нысандарды қабылдау бойынша инспекторларға арналған оқыту сабақтары өтті

Астанада нысандарды қабылдау бойынша инспекторларға арналған оқыту сабақтары өтті

Астанада пайдалануға берілетін нысандарды қабылдау және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау мәселелері бойынша азаматтық қорғау басқармасының инспекторларына арналған оқыту сабақтары өткізілді.

Оқыту барысында ғимараттарды тексеру және өртке қарсы қорғау жүйелерінің жай-күйін бағалау кезінде нормаларды қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Инспекторлардың біліктілігін арттыру шеңберінде өрт қауіпсіздігінің өзекті талаптары, арнайы техникалық шарттарды қолдану тәртібі, сондай-ақ жобалау мен монтаждау кезіндегі жиі кездесетін қателіктер қарастырылды.

Сонымен қатар, нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар дайындау мәселелеріне баса назар аударылды.

Оқыту өрт қауіпсіздігін нормативтік тұрғыда қамтамасыз ету тақырыбына қызметкерлердің жоғары қызығушылығын және құрылыс-архитектура саласындағы қолданыстағы талаптарды терең меңгеру қажеттілігін көрсетті.