Елорда еліміздің өрт сөндіру -құтқару спорты бойынша чемпиондарын қарсы алды!

Елорда еліміздің өрт сөндіру -құтқару спорты бойынша чемпиондарын қарсы алды!
ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД басшылығы Қостанайда өткен ХХХІ жазғы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионатта топ жарған командамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында команда жаттықтырушылары чемпионатта дайындық пен өнер көрсету барысы бойынша есеп беріп, спортшылардың жеңіске деген жоғары ұмтылысын ерекше атап өтті.

Департамент бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Мауленбердиев чемпион атанған ерлер мен әйелдер құрамаларын шын жүректен құттықтап, кәсіби шеберліктері мен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдірді.

 Еске салсақ, елордалық команда жалпыкомандалық есепте ерлер және әйелдер құрамасы бойынша жеңімпаз атанған болатын.

 Сонымен қатар, әйелдер командасы "жауынгерлік қанат жаю" кезеңінде 24,78 секунд нәтижесімен ЖАҢА РЕКОРД орнатты!