ТЖМ әскери қызметшілері қайғылы оқиғаның алдын алды

ТЖМ әскери қызметшілері қайғылы оқиғаның алдын алды

Өткен күні Есіл өзенінің тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Владислав Ярилин және  кіші сержант Қасымхан Қошқар суға шомылуға тыйым салынған орында суға батып бара жатқан ер адамды байқады.

Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында 1992 жылы туған ер адам судан шығарылып, жағаға жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: тыйым салынған орындарда шомылу өмірге қауіпті. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!