Дайындықты арттыру: елордада мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзететін өрт сөндірушілермен оқыту өткізілді

Дайындықты арттыру: елордада мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзететін өрт сөндірушілермен оқыту өткізілді

Астана қаласының ТЖД-да мемлекеттік меншіктегі аса маңызды нысандарда тәулік бойы кезекшілік атқаратын өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен оқыту сабақтары өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - стратегиялық маңызды нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіби даярлығын, жедел әрекет ету дағдыларын және профилактикалық сауаттылығын арттыру.

Сабақ барысында жеке құрамға өрт, қасақана өртеу немесе өзін-өзі өртеу қаупі туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Ерекше назар алғашқы әрекет ету шараларына және адамдарды қауіпсіз эвакуациялауға аударылды.

Оқыиу соңында жеке құрамнан өрт қауіпсіздігі қағидалары, өрт сөндіру техникасы мен құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары, өрт сөндіру тактикасы және жедел жоспарлар әзірлеу бойынша білім тексеру сынақтары алынды.

Мұндай жаттығулар төтенше жағдай туындаған кездегі сенімді және кәсіби әрекет етуге қажетті даярлық деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұруға септігін тигізеді, бұл - мемлекеттік маңызы бар нысандарды қорғауда аса маңызды.