Елордалық ТЖД құтқарушылары «KeruenCity» ОСО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.
Оқу-жаттығу барысында орын алған шартты өртті сөндіру, жұмысшы персоналды эвакуациялау бойынша іс-шаралар пысықталды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылар мен мұғалімдердің төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс шешім қабылдай білуі, объект қызметкерлерінің бірыңғай іс-шара атқару жұмыстарын ұйымдастыру.
Барлық қойылған міндеттер сәтті орындалды және алынған тәжірибе төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыру үшін одан әрі жұмыста пайдаланылатын болады.
Оқу жаттығуларға Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 7 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.