ТЖМ құтқарушылары судағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Есіл өзенінде рейдтер мен патрульдеу жүргізуде.
Елордалық ТЖД қызметкерлері су жағасындағы жаппай демалу орындары тексеруде, балаларға ерекше назар аударылып, демалушылармен түсіндіру жұмыстары кезінде судағы жүріс-тұрыс ережелерін еске салуда.
Құтқарушылар ескертеді:
- Тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз;
- Су жағасында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Су айдынына мас күйде кірмеңіз;
- Күнге қатты қыздырынғаннан кейін бірден суға түспеңіз;
- Найзағай кезінде немесе қолайсыз ауа райында шомылмаңыз.