Азаматтық қорғау мамандары балалармен кездесіп, маңызды қауіпсіздік ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде түсіндірді.
Акция аясында:
🔹 Танымдық әңгімелер
🔹 Өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы іс-қимылдар бойынша викториналар
🔹 Өмірлік жағдайлар мен дұрыс әрекет алгоритмдерін талдау
өткізілді.
Акцияның басты мақсаты — балалардың қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және азаматтық қорғау саласындағы білім деңгейін арттыру.
Бала қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін ерте жастан білсе, өзінің де, айналасындағылардың да өмірі мен денсаулығын сақтау мүмкіндігі жоғары болады.