Астана қаласы ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, химиялық тұрғыдан қауіпті аймақта орналасқан «Казпромхолод» ЖШС нысанында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Жаттығу барысында қауіпті нысан маңындағы үш аймақтан тұрғындарды шартты түрде эвакуациялау ұйымдастырылды. Бұл әрекеттер қызметтердің үйлесімділігін пысықтап, шынайы қауіп төнген жағдайда дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – апаттық-химиялық қауіпті заттардың (АХҚЗ) таралуын болдырмау және алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жеке құрамның іс-әрекет алгоритмін жетілдіру. Сонымен қатар нысан қызметкерлерімен және өзге де жедел қызметтермен өзара іс-қимылды пысықтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шараға Астана қаласы ТЖД-ның және шұғыл қызметтердің 11 техникасы мен 97 қызметкері жұмылдырылды.