Елордада өзгеріс енгізілген Заңның нормалары түсіндірілді

Елордада өзгеріс енгізілген Заңның нормалары түсіндірілді

Астана қаласы ТЖД-да ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Жеке құрамға азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты жаңартылған заң нормалары түсіндірілді.

 Кадр және тәрбие жұмысының  басқармасының мамандары құқықтық актілерге енгізілген жаңа ережелердің мазмұнына тоқталып, азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, қызметкерлердің құқықтық мәртебесін арттыруға, тұрғын үй төлемдері, ротация кезінде қосымша төлемдер, санаторий-курорттық емдеу туралы айтты.

Сонымен қатар шара барысында Халық банк өкілдері келіп, қазіргі кездегі тиімді ипотекалық бағдарламалар туралы ақпарат берді.

Қызметкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.