2025 жылғы суға шомылу маусымының өтуі бойынша

2025 жылғы суға шомылу маусымының өтуі бойынша

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында елордалық ТЖ департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығы Бауыржан Ахметалиннің қатысуымен «Елордада шомылу маусымының өтуі бойынша » тақырыбында брифинг өтті, – деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

 Астана қаласында қазіргі таңда қала әкімдігінің (2022 жылғы 14 қыркүйектегі №1-2553) қаулысына сәйкес шомылуға рұқсат етілген 5 су айдыны анықталған: Орталық қалалық жағажай, «Три пескаря», «Столичный двор», «Армина» демалыс аймақтары және Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір жанындағы коммуналдық жағажай.

2021 жылғы 12 тамыздағы №72/10-VII қалалық мәслихат шешімімен шомылуға тыйым салынған 21 су айдыны белгіленген.

Есіл өзенінің арнасында құтқарушылар тәулік бойы катерлермен патрульдеуде. Қауіпті учаскелерде (Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір, Тельман тұрғын алабы және Контрреттегіш) 3 мобильді пост және жүзу құралдары орналастырылған.

2025 жылы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласында Есіл өзенінің 20 арнасында 3 пост және 16 патруль қойылды. Барлығы 59 жеке құрам, 9 жүзу құралы, 5 техника бірлігі жұмылдырылған.

Жаяу патрульдеу күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал судағы патрульдер тәулік бойы қызмет атқарады.

Патрульдеу барысында халық арасында белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, жадынамалар таратылып, мінез-құлық және қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде.

Аудан әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде 250-ден астам ескерту белгілері және шомылуға тыйым салынғанын көрсететін 20 ақпараттық стенд орнатылды.

Қалалық прокуратура өкілдерімен бірлесіп Есіл өзенінің арнасына рейдтік тексеру жүргізілді, жағажай аймақтарындағы су түбі зерттелді.

Жаз басталғалы бері рейдтік шаралар барысында 9 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды.

Негізгі оқыс оқиғаларға себеп болатын факторлар — қауіпсіздік ережелерін сақтамау, тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, сондай-ақ өз күшін асыра бағалау екенін атап өту қажет.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді тек рұқсат етілген және жабдықталған су айдындарында шомылуға шақырамыз. Тыйым салынған жерлерде шомылу – өміріңізге және денсаулығыңызға қауіп төндіреді. Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Егер сіз судағы оқиғаның куәгері болсаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз.