Азаматтық қорғау саласының ардагері, көп жылдық тәжірибесімен ел қауіпсіздігіне сүбелі үлес қосқан Барат Дұзақбаев 60 жасқа толды.
Құрметті ардагерді Астана қаласы ТЖД басшылығы, Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ізбасарлары құттықтап, ерекше ілтипат көрсетті.
Құттықтау барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанатбек Аденов Барат Оспанұлына «Азаматтық қорғау органдарының «Құрметті ардагері» медалін табыстады.
Барат Оспанұлы азаматтық қорғау органдарында төтенше жағдайларды жою және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табанды еңбек етіп, елордалық ТЖД мен ТЖМ-де түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
Ол өз кәсіби жолында тек қызметтік міндеттерді ғана атқарып қоймай, жас мамандарды тәрбиелеу, тәжірибесімен бөлісу ісіне де зор үлес қосты.
Барат Оспанұлының өмірлік ұстанымы мен еңбекке деген адалдығы жас қызметкерлер үшін үлгі болып қала бермек.
Мерейтой иесін ТЖД қызметкерлері шын жүректен құттықтап, денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын және мықты рух тіледі.