Елордалық ТЖД-да ҚР БП ҚСжАЕКБ Астана қаласы бойынша талдау және өтініштерді бақылау бөлімінің прокуроры Төретай Ернар және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Жанар Дүйсенованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында "Есіл" ауданы ТЖБ қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауы кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау" тақырыбында мәселелер қарастырылды.
Аудандық ТЖБ құзыретіне кірмейтін өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды және өз құзыретіне жатпайтын өтініштерді қызметкерлер қабылдайтын және пысықтайтын жағдайлар, сондай-ақ өтініштер бойынша тексерулердің үлкен үлесі үй маңындағы аумақтардағы шлагбаумдарға қатысты екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша өтініштерге ден қоюды оңтайландыру және құзыреттіліктен асып кетуді болдырмау үшін шлагбаумдарды орнату және пайдалану мәселесі бойынша түсіндіруді сұрай отырып, ҚР Әділет Министрлігіне хат жіберу туралы шешім қабылданды.