23-өрт сөндіру бөлімінің алдындағы альпілік төбешік гүлдеп, ерекше көрік беріп тұр.
Түрлі түсті гүлдерге оранған шағын төбешік бұл аумақты көріктендіріп қана қоймай, жұрттың назарын өзіне аударуда.
Альпілік төбешік – қызметкерлердің бастамасымен жасалған экологиялық шағын жоба. Табиғи тастармен көмкерілген, көпжылдық гүлдер мен өсімдіктер отырғызылған бұл жер бүгінде тыныш әрі көз сүйсінетін бұрышқа айналды. Күн сайын құлпырып, түрлі түске боялған гүлдер аумаққа ерекше рең беріп, жайлы атмосфера қалыптастырады.
Бұл төбешік – өрт сөндірушілердің тек кәсіби қызметімен ғана емес, қоршаған ортаға деген жанашырлығымен де үлгі бола алатынын көрсетеді. Олар өз қолдарымен аумақты абаттандырып, гүл отырғызып, осы сұлулықты жасап шыққан. Бұл тек көркемдік емес, рухани серпіліс, ұжымның бірлігі мен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі