Жол-көлік оқиғасының алдын алу: елордада семинар өтті

Жол-көлік оқиғасының алдын алу: елордада семинар өтті

 

Елордалық ТЖД-да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша семинар өтті.  

Патрульдік полк қызметкерлері Жүнісов Қылыш пен Маккан Орал өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамына жол қозғалысы ережелерін сақтау, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, жол көлік оқиғаларының себептері мен оған қарастырылатын жауапкершіліктер туралы айтты.

Бұдан бөлек, жеке құрам жөніндегі инспекция тобының бас маманы Сырым Каримов 2025 жылғы І жартыжылдығында  қызметтік автокөліктермен орын алған жол көлік оқиғалары бойынша шолумен таныстырды.

Өткізілген семинардың басты мақсаты – жүргізуші құрамның жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, техника қауіпсіздігі, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын басқару талаптары бойынша білімін арттыру болып отыр.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі