Астанада азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары талқыланды

Астанада азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары талқыланды

Елордада Департамент бастығының орынбасары Әрлен Бүркітбайдың төрағалығымен жедел кеңес отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде азаматтық қорғаныс саласындағы маңызды мәселелер қаралды. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ренат Смағұлов «2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында жыл басынан бері жоспарланған мерзімді тексерулердің 100% орындалғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін жоспардан тыс (бақылау) тексерулер жүргізілгені және оның нәтижесінде 7 бақылау субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды.

Отырыстың соңында баяндама қорытындылары негізінде азаматтық қорғаныс саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер көтеріліп, олар бойынша жан-жақты талқылау жүргізілді. Қатысушылар тиісті шешімдер қабылдап, алдағы кезеңде азаматтық қорғаныс жұмыстарын одан әрі жетілдіру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұл кеңес Астана қаласы бойынша азаматтық қорғаныс жүйесінің тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі