Астана ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы прокуратура, жергілікті атқарушы органдар және ТЖД бөлімшелерінің өкілдерімен кеңес өткізді.
Кеңесте автогаз құю станцияларын (АГҚС) пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Елухан Баймулдинов өз сөзінде АГҚС қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша бақылауды күшейту, сондай-ақ қосымша алдын алу шараларын қабылдау бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі