Астана қаласы ТЖД болашақ құтқарушылары «Жас құтқарушы» республикалық слетіне қатысу үшін Көкшетауға жол тартты.
Департаментте 30 маусым-04 шілде аралығында Көкшетау қаласында өтетін жарысқа қатысатын жастар командасымен кездесу өтті. Оның барысында команданың дайындығы туралы «Нұра» ауданының ТЖБ аға инженері Ұлан Жылқыбаев есеп берді.
Департамент бастығының орынбасары Әрлен Бүркітбай балалардың спорттық бәсекеге дайындық барысын, ұйымдастырушылық мәселелерді талқылап, қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертіп, алдағы жарысқа сәттілік тіледі.
Елордалық жас құтқарушыларға жеңіс тілейміз!
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі