Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың төрағалығымен жазғы қауіпсіздік мәселелері жөнінде ТЖ жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Қуаныш Токсарин «Балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу шаралары туралы» баяндама жасады. Ол көктем-жаз кезеңінде жыл сайын көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайлары тіркелетінін атап өтті. Мұндай оқиғалардың негізгі себептері – қараусыз қалған балалар, терезелерді ашатын шектеулердің болмауы, сондай-ақ ата-аналарда жалған қауіпсіздік сезімін тудыратын москит торларын дұрыс пайдаланбау.
Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ренат Смағұлов «Астана қаласының аумағында 2025 жылғы шомылу маусымының өтуі туралы» тақырыбында баяндама жасады. Ол су айдындарында, әсіресе ыстық ауа-райында және демалушылар санының көбеюінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Смағұловтың айтуынша, тиісті инфрақұрылым мен құтқару қызметтері жоқ рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салуға ерекше назар аударылады. Полиция мен еріктілердің қатысуымен рейдтер өткізіліп, суда жүріс-тұрыс ережелері туралы жадынамалар таратылады.
Отырыс қорытындысы бойынша еркін Өтебаев ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, халық арасында профилактикалық жұмысты жандандыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды қамтуды кеңейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі