Назарда – балалардың терезеден құлау қауіпсіздігі!

Назарда – балалардың терезеден құлау қауіпсіздігі!

Елордалық құтқарушылар пробация қызметімен бірлесіп көпқабатты үйлерге рейд жүргізуде.

Жаз мезгілінің басталуына орай Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында тұрақты түрде көпқабатты тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде.

Рейд барысында мамандар балалар тұратын, әсіресе қауіп тобына жататын отбасылардың пәтерлерін аралайды, ата-аналармен және заңды өкілдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, ашық терезелердің, әсіресе москит торлары орнатылған бөлмелердің қауіптілігі туралы ескертеді, үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған маңызды кеңестер жазылған жадынамалар таратады.

  

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі