Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің балалары үшін ерекше күн ұйымдастырылды – бүлдіршіндер Қуыршақ театрына барып, жарқын әрі ұмытылмас интерактивті қойылымды тамашалады.
Қойылым алғашқы минуттардан бастап балалардың назарын баурап алды: ертегі кейіпкерлері оларды оқиға желісіне тартып, бірге тапсырмаларды орындап, ән айтып, билеп, сиқырлы оқиғаларға қатысуға шақырды. Мұндай формат әр баланың өзін ертегінің бір бөлшегі ретінде сезінуіне мүмкіндік берді.
Балалар уақытты тек қызықты өткізіп қана қоймай, көптеген жаңа мәліметтер де алды: қойылым танымдық ойындар мен тәрбиелік сәттерге толы болды. Театр – достық, өзара көмек және мейірімділік жеңіске жететін кеңістікке айналды.
Мұндай шаралар – балалардың эмоционалдық және мәдени дамуына қосқан үлес.
Іс-шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, мұндай кездесулер дәстүрге айналатынын атап өтті.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі