Елордалық ТЖ департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша отырыс өтті.
Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Астана қаласы департаменті Превенция басқармасы бастығының орынбасары Диас Қозыбаев және сол басқарманың бас маманы Фариза Оразбекова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: жаңашыл тәсілдер мен алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды.
Шарада қызметтік этика мәселелеріне, мүдделер қақтығысына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қаупі туындаған жағдайлар іс-қимыл алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттің міндеті ғана емес, әр адамның моральдық таңдауы екенін атап өтіп, заң нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтауға әрбір қызметкер жеке жауапты екені атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым өкілдері жемқорлық жасау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану секілді заң бұзушылықтарына жол бермеу бойынша кеңестер беріп, заңнамадағы өзгерістер мен бұзушылықтарға заң аясында жүктелетін жауапкершіліктерге тоқталды.
Отырыс қорытындысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік әдеп кодексін, нысанды киім үлгісін қатаң сақтау міндеттері жүктелді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі