ТЖМ-мен болашаққа қадам

ТЖМ-мен болашаққа қадам

Елордалық ТЖД қызметкерлері Астана қаласында запасқа шығарылған әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алды.

Өңірден барлығы 18 әскери қызметші демобилизацияланды. Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу туралы хабарлау, сондай-ақ келісімшарт бойынша одан әрі қызмет өткеру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Департамент өкілдері ақпараттық материалдарды тарата отырып, ТЖМ жүйесіндегі жұмыстың ерекшелігі, қабылдау шарттары және мансаптық перспективалары туралы айтып берді.

ТЖМ қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді, соның ішінде оқыту, медициналық көмек және тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіруге басты назар аударылды.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі