
Елордалық ТЖД қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ТЖМ бастаған челленджді қолдады.
Игі бастама балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және ата-аналардың тұрмыстағы, көшедегі қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Елордалық құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне аса назар аударады және тұрақты түрде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күндерін өткізеді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі