Өрт сөндіру автоцистернасынан әуе кемелеріне су құюдың жаңа тәсілі

Өрт сөндіру автоцистернасынан әуе кемелеріне су құюдың жаңа тәсілі

  Елордалық құтқарушылар әуе кемелеріне өрт сөндіру автоцистернасынан су құюға арналған құрылғы әзірледі.

  Бұл құрылғының өзектілігі суды жану ошағына, су қоймаларының тереңдігі дәстүрлі әдіспен су құюға мүмкіндік бермейтін жерлерге жедел ағызу болып табылады.

  «Сынақтар әсерлі нәтиже көрсетті: МИ-8 тікұшақтарында орташа есеппен 1.5 минут ішінде су төгетін құрылғыға (ӘҚҚ) 3000 литрге дейін су толтырылады, ал EK 145 (Н-145) тікұшақтары – еурокоптерлерде, Bambi Bucet сыйымдылығы 800 л-ден 1 минутқа дейін толтырылады. Бұл келесі ұшуға дайындық уақытын едәуір қысқартады және өртті сөндіру қарқындылығын арттырады», – деді ӨС және АҚЖҰБ бастығының орынбасары Дәурен Манапов.

  Шешім сынақ шаралары барысында өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл әсіресе табиғи су көздері жоқ немесе өрт аймағынан едәуір алыс орналасқан таулы және дала аймақтарына қатысты.

 Осылайша, жаңа құрылғы авиациялық өртті сөндірудің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады және табиғи апаттардың қиын жағдайларында сөндіру әдістерінің бірі болуы мүмкін.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі