Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі!

Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі!

Жазғы маусымның басталуымен елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын су қоймаларында, соның ішінде Есіл өзенінің жағалауында өткізуге ұмтылуда.

Дегенмен, демалушылардың көбі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Кейбір азаматтар ыстық ауа-райында салқындауға тырысып, суға тыйым салынған және шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түседі, осылайша өздерінің өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Судағы жазатайым оқиғалардың және бұзушылықтардың алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері ЖАО өкілдерімен бірлесіп мақсатты алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Осы қызмет аясында шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарда арнайы ескерту белгілері мен ақпараттық стендтер орнатылады.

Бүгінгі таңда «Шомылуға тыйым салынады!» жазуларымен 150-ден астам белгі және суда жүріс-тұрыс ережелері мен ықтимал тәуекелдер туралы маңызды мәліметтерді қамтитын 10 ақпараттық стенд орналастырылған.

Астана қаласының ТЖД азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады және құтқару қызметтері тарапынан қауіпсіздік пен бақылау қамтамасыз етілген арнайы жабдықталған орындарда ғана демалу және шомылу керектігін еске салады.

Есіңізде болсын, су объектілеріндегі мінез-құлық ережелерін сақтау Сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіздің кепілі!

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі