
Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен, Полиция департаментімен және «Астана-жастары», «QANAT», «ЛИДЕР» волонтёрлік ұйымдарымен бірлесіп «Қауіпсіз терезе» ауқымды профилактикалық акциялары өткізілді.
Айта кететіні, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ағымдағы жылдың басынан бері көппәтерлі тұрғын үйлерде 500-ден астам аралау жүргізіп, ақпараттық стендтерге 13 000-нан астам жадынама орналастырды, 17 000 тұрғынды қамти отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік әлсіз отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге 1 700 қауіпсіздік құлпы орнатылды.
110 білім беру объектісінде 6 000-нан астам оқушыны қамтумен дәрістер, 100 балабақшада, мектеп жанындағы лагерьлерде сабақтар өткізілді, Whatsapp мессенджеріндегі ата-аналар чаттары, сондай-ақ МҮБ (ОСИ) және ПИК (КСК) чаттары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
Ағымдағы жылдың 4-10 қыркүйек аралығында мектепке дейінгі мекемелерде қосымша акция өткізілді: қаланың әрбір ауданындағы балабақшаларда 150-ге жуық бұғаттағыш блокиратор орнатылды.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерді ескертіп, қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады:
- егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыздар, себебі бір сәтке ғана назардан тыс қалдыру баланың өміріндегі соңғы сәт болуы немесе оны өмір бойына мүгедек етуі мүмкін;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе олар терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнап жүрген жағдайда;
- москит торларын тиісті қорғаныс құралдарынсыз пайдаланбаңыздар, себебі балалар оларды сенімді тірек ретінде қабылдап, сүйенуі мүмкін, ал нәтижесінде торымен бірге сыртқа құлап кетуі ықтимал;
- терезелерге баланың өздігінен ашуына жол бермейтін қауіпсіздік құлыптарын (блокираторларды) орнатыңыздар;
- баланың терезе алдына шығып кетуіне жол бермеу үшін жиһазды терезеге жақын орналастырмаңыздар.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Терезелерге қорғаныш құралдарын орнату, балаларды қараусыз қалдырмау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.