Алматыда «Жас құтқарушы» аудандық жарыстары басталды

Алматыда «Жас құтқарушы» аудандық жарыстары басталды

25 сәуірден бастап Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас құтқарушы» аудандық жарыстары басталды. Ауэзов ауданының жалпы білім беретін мектептері арасындағы Жас құтқарушылар жасақтары жарысты.

🏆 Жеңімпаздар:
- 🥇 1-орын – №139 мектеп
- 🥈 2-орын – №123 мектеп
- 🥉 3-орын – №141 мектеп

Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен оқушыларға грамоталар, медальдар және кубоктар табысталды.

Жарыс кезеңдері:
- Өрт сөндіру қанатын жаю
- Алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шеккенді тасымалдау
- Арқан арқылы өту
- Екі тақтайды пайдаланып өткелден өту және т.б.

Бұл жарыстар оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде (жер сілкінісі, өрт және т.б.) дұрыс әрекет ету бойынша практикалық білім беріп, физикалық және психологиялық дайындықтарын арттырады. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар тұрғындарды төтенше жағдайларда маңызды іс-әрекеттерді жасау бойынша тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.

Жарыс достық көңіл күйде, шынайы спорттық жігермен және жеңіске деген құлшыныспен өтті. Көктемгі тамаша ауа райы қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер сыйлады.