Переподготовка специалистов служб гражданской защиты Алматы

Переподготовка специалистов служб гражданской защиты Алматы

Алматы
қаласының азаматтық қорғау қызметінің мамандарын қайта даярлау

Қажетті жабдықпен және азаматтық қорғау
мүлкімен жарақтандырылған Алматы қаласы ТЖД арнаулы оқу сыныбының базасында
оңтүстік астананың азаматтық қорғау қызметтерінің мамандары ТЖ саласында қайта
даярлаудан өтті.


Тыңдаушылар үшін «Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары»,
«Өрт қауіпсіздігі», «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеттері», «ТЖ кезіндегі психологиялық көмек», «Халықты радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау» және «Зардап шеккендерге алғашқы көмек»
тақырыптарында практикалық сабақтар, семинарлар, шеберлік сыныптары, топтық және іскерлік ойындар өткізілді.

Мұның бәрі азаматтық қорғау қызметінің мамандарын сыни тұрғыдан ойлауға және төтенше жағдайлар кезінде ұтымды шешім қабылдауға
итермеледі.

Оқыту қорытындысы бойынша қауіпсіздік саласындағы білімді қолдау үшін курс тыңдаушыларына үгіт-профилактикалық материалдар таратылды.

Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы