Алматыда, Сейфуллин көшесінде орналасқан үлкен сауда орталығы «Мега»-да Алмалы аудандық ТЖ инспекциясы маңызды оқу жаттығуын өткізді.
Мақсаты — халық көп шоғырланатын объектілердегі өрт қауіпсіздігін арттыру. Жаттығу барысында мамандар келесі мәселелерді зерттеп талдады:
1️⃣ Өртке қарсы қорғау жүйесінің жәй күйі;
2️⃣ Эвакуация жолдарының жағдайы;
3️⃣ Құрал-жабдықтар мен қорғаныс құралдарының жұмыс істеп тұрғанын тексеру.
💡 Адамдар мен мүлікке қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды анықтауға ерекше назар аударылды. Маңызды мақсат — өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Теориялық және практикалық сабақтар аясында "ТРЦ" мамандары мен өрт қызметкерлері тәжірибе алмасты, бұл алдағы уақытта төтенше жағдайларға тиімді әрекет етуге көмектеседі.