2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ерекше мақсаттағы күштері "Батыр" Президенттік полкінің 0111 әскери бөлімінің базасында ТЖД құтқарушыларымен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері арнайы бөлімше қызметкерлерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оның ішінде жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы өткізілетін іс-шаралар қиын жағдайларда Алматы қаласының азаматтары мен аумағын қорғауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы