Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері «Метрополитен» КММ «Сайран» станциясында шартты өртті жою бойынша өрт- тактикалық жаттығулар өткізді.

 Бұл іс-шараны өткізудің негізгі мақсаттары: 

- Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрт бөлімінің бөлімшелері, метрополитеннің инженерлік-техникалық қызметкерлері және әскериленген авариялық-құтқару қызметімен (ӘАҚҚ) өзара іс-қимылды дамыту, және  тұйықталған тыныс алу аппараттарында жұмыс істеу үшін № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі газ түтіннен қорғау қызметінің жеке құрамын шынықтыру.

           Тактикалық жоспарға сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан  апаттық режимі орын алып, әрі қарай  диспетчерлік басқарудың автоматты жүйесі үй-жайында өрт шықты, қосымша байланыс рельстерін ажырату нәтижесінде "Мәскеу" және "Сайран"метро станциялары арасындағы туннельде жылжымалы құрамның авариялық тоқтауы орын алды.

Өртті кезекші персонал анықтап,  "101" және "112"телефондары бойынша өртке қарсы қызметке хабарланды.

Ауіпсіз орынға шығып, обектінің энергетиктері станцияны токтан ажыратып, туннельдегі пойыз жолдарына электр энергиясын беруді тоқтатты.

ТЖД шығу кестесіне сәйкес өрт орнына №3 Нөмір (дәреже) бойынша күштер мен құралдар жіберілді, сондай-ақ өрт орнына "Метрополитен" Васса тау-кен құтқару бөлімшелері жұмылдырылды Жаттығу аяқталғаннан кейін жіберілген қателіктерді анықтау үшін іс-қимыл жоспарына талдау жасалды. Талдау нәтижелері бойынша мақсаттар мен міндеттер толықтай орындалды.