ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қ. 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
📌Алматы қаласы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың жеке дайындығы маңызды* екенін еске саламыз
📌Алматылықтар үшін жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс қимыл жоспарын жасау маңызды:
- 📌жер асты дүмпулер кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар, ішкі қабырғаларды бағандарының жанындағы орындар және жақтау арқалықтарының астында;
-📌 ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орын табыңыз;
-📌 сондай-ақ, болған жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз.
📌Жиһаздың жоғарғы сөрелерді ауыр заттардан босатыңыз. Тіпті құлайтын жиhазды бекітіп тастау қажет.
📌Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қажет шаралар туралы айта отырып, биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады:
1. дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
8. ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
📌Эвакуациядан кейін зардап шеккен халықты ауқымды төтенше жағдай кезінде орналастырылатын ең жақын қабылдау пунктіне орналастырылуы мүмкіндік беріледі. Дабыл дорбаңыздағы, немесе қаласында құлақтандыру құрылғыны қосып, әрі қарай нұсқаулықты тыңдап, орындау қажет.
📌Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 қабылдау пункті жұмыс істейді.