Балалар Алматының жоғары балдық жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық белсенді аймақта орналасқанын білуі керек. Жер сілкінісі әрдайым кенеттен пайда болады-дүмпулер сезіледі, люстралар тербеле бастайды, шкафтардағы ыдыс-аяқтар шырылдайды, қабырғалар мен жиһаздардың сынуы естіледі.
Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының білім басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2024 жылғы 30 қыркүйекте Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының алаңында Алматы қаласының барлық орта білім беру объектілерінің оқушыларымен оқу тренингі өткізілді.
Тренинг барысында ТЖД қызметкерлері «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды егжей-тегжейлі жеткізді, алынған ақпаратты бекіту үшін «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-қимылдары» профилактикалық бейнеролигі көрсетілді.
Осылайша, жас ұрпақ төтенше жағдайларда не істеу керектігін түсінді, сонымен қатар жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырды және арттырды.
Бейнебайланыс арқылы Алматы қаласы Алатау және Наурызбай аудандарындағы 70 Мемлекеттік мектептен барлығы 20 мыңнан астам оқушы қатысты.
Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы