Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды: тауға аттанбаңыз!

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды: тауға аттанбаңыз!

📍"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 10 тамыз – 12 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты , беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басу мүмкін.

📍Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес ("Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 9 тамыздағы #69 жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен, Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің "қызғылт сары деңгейі" жарияланды.
📍 Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.


📍Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз.


Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:
-таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
-демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз;
* Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!