Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды : тауға аттанбаңыз!

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды : тауға аттанбаңыз!

   📍"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 31  шілде – 1 тамыз аралығында  Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты , беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің  көтерілуі  күтілуде. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басу мүмкін  

📍Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес ("Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 31 шілдедегі  жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен) Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің "қызғылт сары деңгейі" жарияланды.

📍 Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы  мүмкін.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

📍Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға  мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз.

Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:

-таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет;

- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;

-демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз;

* Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!