Жер сілкінісі туындаған кезде алматылықтарды хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу туралы Ескерту *

Жер сілкінісі туындаған кезде алматылықтарды хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу туралы Ескерту *

Премьер-Министрдің орынбасары Қ.А. Бозымбаевтың 2024 жылғы 13 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы ТЖ Департаменті ағымдағы жылдың 26 шілдесінде сағат 10.00-де жер сілкінісі туындаған жағдайда Алматы қаласының тұрғындарын хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШОЖ) өткізеді.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында  техникалық ескерту жүйесінің құралдары кешенін  қысқа уақытқа қосылады (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер)

 

"Барлығына назар аударыңыз!!!"- бұл ТЖ қаупі туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды тарату  алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту бірыңғай сигналы.

Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек.

 

  Командалық-штабтық құлақтандыру жабдықтарының дайындығын тексеру оқу-жаттығуы  халықты хабардар ету және  ТЖ-дан қорғау мақсатында жүргізіледі.