Тікелей эфирде Алматы құтқарушылары «Бір болайық» телекөрермендерін оқытты

Тікелей эфирде Алматы құтқарушылары «Бір болайық» телекөрермендерін оқытты

2024 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Сандуғаш Баймұхамбетова және Жетісу ауданы ТЖ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Ғалымжан Нышанқұлов «НТК» телеарнасының «Бір болайық» бағдарламасының шақырылған қонақтары болды.

«Бір болайық» тележобасының жүргізушілері мен көрермендерін «Жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керек» мәселесі толғандырды. Тікелей эфир кезінде Алматы құтқарушылары көрермендерге және телекөрермендерге «Халықтың жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-қимылдарын», «Құрылымдық емес сейсмикалық бекіту» және «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін» жеткізді.

«Дабыл чемодан» дегеніміз не және ол не үшін қажет? ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайлар кезінде өмір сүруге арналған жиынтық қандай болу керектігін егжей тегжейлі айтып берді:

- Құжаттардың көшірмелері;

- Алғашқы медициналық көмек қобдишасы;

- Қыста бір адамға 3-4 литр және жазда 5-6 литр мөлшерінде су;

- Консервілер, жоғары калориялы тағамдар;

- Гигиена құралдары;

- Қосалқы киім, аяқ киім, көрпе;

- Радио, батареялар, телефонды зарядтауға арналған портативті батарея (Power bank), ысқырық, фонарь және т. б.

Телебағдарлама барысында көрермендер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Толық нұсқасын мына жерден көруге болады: https://www.instagram.com/reel/C53AwyYK5ez/?igsh=MXhsMXF3dTFudmd0eQ==

 

 

Алматы қаласы ТЖД  Азаматтық қорғаныс басқармасы