«Сенім» және «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталықтарында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз іс-қимыл бойынша оқу сабағы өткізілді

«Сенім» және «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталықтарында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз іс-қимыл бойынша оқу сабағы өткізілді

2024 жылдың 16 сәуірде Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «Сенім» және «Шаңырақ» орталықтарының қызметкерлерімен және әлеуметтік қызмет алушыларымен «Жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керек» тақырыбында сабақ өткізді.
Тренинг барысында сабақтың практикалық жағына ерекше көңіл бөлінді. Жер сілкінісі кезіндегі нақты жағдай және персоналдың, сондай-ақ ерекше назар аударатын және мектепке дейінгі және қарт жастағы әлеуметтік қызметтерді алушылардың іс-қимыл тәртібі модельденген. Орталық үй-жайларындағы ең қауіпсіз орындар нақты көрсетілді.
Сабақ қорытындысы бойынша, сейсмикалық қауіпсіздік мақсатында ТЖД қызметкерлерімен ғимаратта құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді жүргізу, атап айтқанда бекіту материалдарын пайдалану арқылы қабырғаларға габаритті жиһазды бекіту жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Іс-шараға барлығы 99 адам қатысты.

Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы