300-ден астам әскерге шақырушыларды ҚР ТЖМ әскерлеріне қызмет етуге шақырылады

300-ден астам әскерге шақырушыларды  ҚР ТЖМ әскерлеріне қызмет етуге шақырылады

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп мерзімді қызметке шақырылуға жататын азаматтарды алдын ала зерделейді.
Зерттеу барысында сауалнама деректері нақтыланады, әрбір әскерге шақырылушымен және оның ата-анасымен жеке әңгімелесу жүргізіледі. Денсаулық жағдайына, моральдық және іскерлік қасиеттері, жалпы білім беру дайындығы, отбасылық жағдайы, соттылығының болуы немесе қылмыстық процеске қатысуы туралы мәліметтерге ерекше назар аударылады.
Бұл іс-шара ТЖМ әскерлерінде әскери қызмет өткеруге дайын әскерге шақырылушылардың сапалық құрамын ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Көктем – 2024» мерзімді қызметін өткеру үшін 306 әскерге шақыруды жоспарлап отыр, оның ішінде 20 адам Алматыдан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөліміне (Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы) құрылады.
ҚР ТЖМ-де мерзімді қызмет атқарған сарбаздар мен сержанттарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасуға, яғни ҚР ТЖМ жүйесінде келісімшарт бойынша қызметті жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
ҚР ТЖМ 28237 (Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы) әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткергісі келетіндер ағымдағы жылдың 10 сәуірінен
20 мамырына дейін Алматы қаласының ТЖД-не келуі немесе 8(727)293-53-08 немесе 8707-555-97-63 нөмірі бойынша хабарласуы мүмкін.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.