Алматы тауларында қар көшкіні түсу қауіпі туралы дауылды ескерту

Алматы тауларында қар көшкіні түсу қауіпі туралы дауылды ескерту

2024 жылғы 01 сәуірдегі Қазгидрометтің көшкін қаупі туралы дауылды ескертуінің негізінде Алматы қаласының ТЖД:

 02-05 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайға және биіктігіне байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталатыны туралы хабарлайды.

Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуіне шектеу мақсатында: "Алматы қ.-Космостанция" автожолындағы Аюсай  бөгетінен жоғары, және  - "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында  блок-бекеттер орнатылған.

📍Көшкін қаупі кезеңінің басынан  жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін  аумақтарда  жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайлары орын алды.

📍Өз кезегінде, қар көшкінінің профилактикалық түсіруі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді, абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ.

Көшкіндердің адам жүрмейтін жерлерге түсті, басым бөлігі таулардың баурайында тоқтады.

Алматы қаласы ТЖ Департаменті мен полиция департаментінің, Қазселденқорғау қызметкерлері қатарынан Блокпост қою арқылы халықтың қолжетімділігін шектеу бойынша шаралар қабылданды.

ТЖД мен Қазселденқорғау алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауыңызды сұрайды!