Бүгін - Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсанда аталып өтеді.
Еріктілер - бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. Ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан түрлі бағытта көруге болады.
Абай: «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» - деген екен. ⠀ Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. ⠀ Себебі, біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын ЕРІКТІЛЕР жасай берсін!