30 қараша күні сағат 05:33-те Алматы қаласы Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен жертөле үй-жайы хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды.
Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында алдын ала 13 адам қаза тапты, жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған.
Алдын ала мәлімет бойынша хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өздігінен эвакуацияланды.
Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда.
Ақпарат түсуіне байланысты толықтырылатын болады.
Ресми дереккөздерге сілтеме жасауларыңызды сұраймыз.