
2023 жылғы 1 тамызда сағат 17:10-да ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша Алатау ауданының Ақкент шағын ауданы 54 үй мекенжайына жіберілді
Өрт сөндірушілер 6 минуттан кейін келген сәтте 16-қабатты үйдің 5-қабатындағы кабельдік шахтада электр кабельдері 80 шаршы метр алаңда ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Раймбек даңғылында көлік кептелісі болғанына және өрт сөндіру техникасының кіреберісі тұрақта тұрған көліктермен шектелгеніне қарамастан, алғашқы өрт есептері 6 минутта оқиға орнында болды. Өрт салдарынан жоғарғы қабаттарда және эвакуация жолдарында тығыз түтін мен жоғары температура дан тұрғындардың денсаулығына қауіп төнді.
Дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылды, 70 адам құтқарылып, оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтар арқылы, қалған тұрғындар арнайы техниканың көмегімен, 300 адам эвакуацияланды.
Алдын ала ақпарат бойынша 30 адам медициналық көмекке жүгінді, дәрігерлердің қарауынан кейін одан әрі ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданады.
Өрт сағат 18.46-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД 50 қызметкер мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру техникасынның жүру жолында қайылған жеке авто көліктермен өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, Алматы қаласының ТЖ департаменті шұғыл қызметтердің жол жүруіне кедергі жасамауды сұрайды.
Өрт болған жағдайда үрей- дүрбелеңге түспеңіздер, барлық көпқабатты ғимараттарда эвакуациялау үшін баспалдақ түтінсіз орындар бар, оларға жету мүмкін болмаған жағдайда вентиляциялық каналдарды, пәтердің есігін жауып, балконға шығып, келген өрт сөндіру бөлімшелеріне сигнал беру қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі