ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ: 42 градус ыстық, ЖОҒАРЫ ӨРТ ҚАУІПІ САҚТАЛАДЫ!

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ: 42 градус ыстық, ЖОҒАРЫ ӨРТ ҚАУІПІ САҚТАЛАДЫ!

Алматы қ.ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 19 шілдеде 40 -42 градус ыстық ауа температурасы күтілетіні, сондай- ақ Жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын хабарлайды.
Осыған орай, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды және:
- тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды; - Бір желіге бірнеше электр құрылғыларды қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін.
-Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз!

Өрт қауіпті кезеңде Алматы қаласы ТЖД алдын алу шараларын күшейтті
Таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында бекітілген патрульдеу кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен ЖПҚ өкілдерімен Алматы қ. ТЖД бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізеді.